Төмендегі мәтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мәтінді аудар. Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден қоруге болады. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.