Төмендегі мәтін мазмұнын негізге ала отырып, менің ойымша, жалпы алғанда, әрине, қысқасы, сонымен, бәрекелді оқшау сөздерін қатыстырып, жинақы мәтін жазыңдар.

Соғыс жылдары Қазақстан мәдениеті мен ғылымы тоқтап қалмады. Қазақ поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл ел толғана оқыды. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Абай» эпопеясының І кітабын жариялады. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, т.б. жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы болды.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың
көрнекті әнші-әртістері болды. Қазақ әртістері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Зиялы қауым Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін көрсетті...​

ppavlowich ppavlowich    3   29.04.2021 19:27    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi