Төменде берілген тақырыптардың біріне көркемдік тарихи маңыздылығына дәлел келтіре отырып, эссе жаз. (110-130сөз) 1. "Зар заман және Шортанбай" тақырыбына тарихи шолу жасап, мәліметтерге сүйене отырып, эссе жазыңыздар. (110-130 сөз)

2. "Сүйінбай –айтыс өнерінің алтын діңгегі" тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе барысында Сүйінбайдың ақындығына баға беріп, дәлел келтіріңіз. (110-130 сөз)

Шаров2005 Шаров2005    3   24.12.2020 09:48    1

Ответы
ladaponomareva ladaponomareva  23.01.2021 09:51

Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.

М.Мақатаев.

 Ойлап қараңызшы...Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынасты елестету мүмкін бе?Әрине,жоқ.Достық ол адамдардың бір-бірімен ұқсастығы,талғамдарының сәйкес келуі емес.Достық деген адамдардың бір-біріне қиын кезде де,қуанышта да бірге болуы,арадағы қатынасқа адалдықпен,ақ ниетпен қарауы.Былайша айтқанда,адал дос та,амал дос та бұл өмірде кездеседі.Тек олардың ара жігін айыра білу керек.

 Қай адам болмасын жанынан әркез табылар шынайы досты іздейді.Әрі досына қарап адамды бағалайтынымыз тағы бар.Осыларды ескере отыра ондай адал достарды табу қиын істердің бірі екендігін білуге болады.Алайда,өзгеден мін іздеместен бұрын өзіңізге назар салып,баға беруіңіз қажет.Шын досқа лайықты болмасаңыз кемелденіңіз,ойларыңыз бен пікірлеріңізді өзгертуге тура келеді. Дана халқымыз «дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады» демекші,өтірік дос кейпін танытып,екіжүзділікке баратындарға сенгіш аңқау болмауыңыз керек.

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,  

Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,  

Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,  

Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,  

Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,- дегендей,қазір осындай достардың түрі көбеюде.Оларды ажырата алу үшін ақылдылық пен көрегенділік керек.

  Қорытындылай келе,бұл өмірде нағыз досты табу қиынның қиыны.Алайда адал достық бұл қиындықтарға тұратын қатынас.Жоғарыдағы аталған шарттар орындалса,өзің шынайы бола білсең ғана шынайы досыңды іздемей-ақ табасың дегім келеді.Ал сол бір нағыз досыңды тапсаң,арадағы алып күштен айырылып қалмауға тырыс.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi