Төменде берілген ережелерді оқы. әр ережеден түсінгендерінді кенейтіп, мысалмен дәйектеп айт. 1. Сыпайылық - басқа адамдарға деген қатынастың көрінісі. Сыпайы адам басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмайды.
2. Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп, қоштасып жүреді. Сәлемге жауап бермеу - әдепсіздік.
3. Бөлмеге, сыныпқа үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орнынан тұру керек.
4. Сәлем бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарау керек.
5. Үлкен кісі саған қарап сөйлесе, отырған орныңнан тұрып сөйлесуің керек.
6. Өз жолдастарыңмен сыпайы бол. Оларға ат қойып, айдар тақпа, әрдайым сыпайы сөйлес. Алғыс сөздерді айтуды ұмытпа.
7. Өсек, өтірік айтпа. Досың қателік жасаса, өзіне сыпайы түрде айт. Сыпайы адам дөрекі түрде жауап бермейді.
Сыпайы адам адамдарға мейірімді қарайды және өзге адамдарды қиындық та тастамайды.