Тұмар – аты аңызға айналған сақ халқының ханшайымы. Зерттеушілердің айтуынша, ол б.з.д. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі – Сыпыр, ол массагет тайпасының патшасы. Патшайымның анасы Тұмардың сәби шағында көз жұмды, сондықтан кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді. Бұл заманда – әйел адамның патша болуға құқығы болған. Сондықтан әкесі қайтыс болғаннан кейін, билікті Тұмар өз қолына алды. Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп, жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталады. Ақырында түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жояды. Кирдің өзі де айқас алаңында қаза табады.
Аңыз бойынша, шайқас аяқталған соң, Тұмар сарбаздарына Кир денесін табуға бұйрық берді. Мәйіті табылған соң, үлбірге қан толтырып, парсы патшасының басын соның ішіне салады да: «Қанға құмар едің, сусының қанғанша іш! – деп месті парсы еліне беріп жібереді.
Осылайша түркі сақтар өздерін тәуелсіздігін сақтап қалады. Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

1. Берілген сөздердің мәтін ішінен синонимдерін табыңыз. ( )
Ханым –
Қайтыс болды –
Сылтау –
Жауынгер –

илона590 илона590    1   09.12.2020 04:07    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi