Түлкі мен құмыра Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.
     Түлкі:
    - Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді. 
  Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
   - Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырамын, – деп жүгіріп келіп, өзін өзенге лақтырып, құмырамен бірге өзі де суға батып кетіпті.
   Ертегіден алатын сабағымыз: Балалар! Ешқашан біреудің затына тиіспеуіміз керек. Қолдансақ та иесінің рұқсатын алып, қолдануымыз керек. Ұрлық жасау жақсылыққа апармайды. Көріп тұрғандарыңдай, ұрлық түбі - қорлық.  

Жоспар

1.

2.

3. дз ​

жанель67 жанель67    2   03.11.2020 08:47    2

Ответы
манюня5649 манюня5649  03.12.2020 08:47

1.əйелдің құмыраны сүтімен далаға қою

2.түлкі сүтті ішуі

3.түлкінің құмырамен бірге өзенге батуы

қой

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
grishaeva79 grishaeva79  03.12.2020 08:47

1.бір әйелдің сүтті тығып қоюы

2.түлкінің басын құмыраға тығып сүтті ішіп қоюы

3.түлкіні ашуланып құмыраны суға лақтырып,өзі де бірге ағып кетуі

Объяснение:

Бұл дұрыс болмауы мүмкін.Өйткені бұл менің жеке ойым

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi