Тілдік бағдар: Тіркескен сөздер – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымды білдіреді, бірақ бөлек жазылады. Тіркескен сөздердің екі түрлі формасы бар: бірі – тұрақты сөз тіркесі, екіншісі – лексикалық сөз тіркесі немесе құрама сөздер деп аталады. 1. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады және сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: қас пен көздің арасында – лезде, бес саусақтай білу – өте жақсы білу 2. Лексикалық сөз тіркесі (құрама сөздер) – күрделі сөз тіркесінен пайда болады. Бұған күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу, күрделі етістіктер жатады.Мысалы: су инженері – зат есім; қара сақалды – сын есім; он жеті – сан есім; жазып отыр – етістік; ән сал, қызмет қыл, рұқсат ет – етістік пен есім тіркестері т.б. 1-тапсырма:Мәтінді мұқият оқы. Тіркескен сөздерді тауып,теріп жаз, түрлеріне қарай ажырат. Бурабай көлі Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.

mandarinka377 mandarinka377    2   20.10.2020 02:54    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi