Тіл тазалығы—жан тазалығы тақырыбында эссе керек, көмектесіп жіберіңіздерші​

ekimsev3 ekimsev3    2   03.11.2020 17:10    2

Ответы
Андрей68456532367 Андрей68456532367  03.12.2020 17:15

«Тіл тазалығы – жан тазалығы» демекші, тіліміз – біздің ең басты байлығымыз. Өз ана тілімізде сөйлеу біздің міндетіміз деп білемін. Бұл ретте К.Паустовскийдің: “Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени дәрежесіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады» деген сөздері дәл айтылған.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Pomawkal Pomawkal  03.12.2020 17:15

Тіл тазалығы- жақсы сөздер,қанатты сөздер ақылдылық жан тазалығы ар ұяты бар ата бабамыз тіл тазалығы жан тазалығы деп бекерге айтпаған

Объяснение:

мен осылай жаздым осындай эссеге

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi