Тіл тарихы үйірмесі тақырыбына əңгіме құрап жаз сочинение​

vsjhffdsg vsjhffdsg    2   25.09.2019 07:02    1

Ответы
BackTiger007 BackTiger007  08.10.2020 17:45

Қазақ тілі тарихы – қазақ тілін зерттейтін ғыл. саласы. Қ. т. б-нің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.

Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қ. т. б-нің ғыл. ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ