Төл сөздің тыныс белгілерін қой Талғат Мұсабаев – ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан тұңғыш қазақстандық ғарышкер.
Ғарышқа сапар кезінде бірнеше рет ажалмен бетпе-бет кездескен ғарышкер бұл оқиғаларды баяндап берді.
Талғат Мұсабаев былай дейді Ғарышта ажалдың аузынан қалған жағдайларым болды. Біреуін ғана айтайын. Ашық ғарышқа шыққан кезімде, мені кемеге бекітіп, ұстап тұратын тетік ажырап кетті. Біртіндеп тұңғиыққа шым батып бара жаттым. Тірі қалуым мүмкін еместін. Ауа қоры 8 сағатқа жетеді. Одан әрі қапысыз, бұлтартпайтын, жалтартпайтын ажал.
Одан әрі Талғат ойын былай деп жалғады Міне, осы сәтте адам айтса нанғысыз таңғажайып оқиға болды. Қайтадан кеменің, зулап бара жатқан ғарыш кемесінің үстінен бір-ақ шықтым. Денеме ештеңе тимей-ақ, жұғысып, итермей-ақ әлдебір құдірет құрдымнан суырып алды. Бұл бір емес, осындай жағдай талай рет қайталанды
спочно
МНЕ ОН ТОЖЕ НУЖЕН