Төл сөз қатысқан екі сөйлем жаз оны төлеу сөзге айналдыр​

Mei29 Mei29    1   21.05.2021 13:19    4

Ответы
7гогого7896шол 7гогого7896шол  20.06.2021 13:20

Біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз сол айтылған күйінде жеткізуді төл сөз дейміз.

Біреудің сөзін өзгертіп, тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуді төлеу сөз дейміз.

Мысалы:

1. ''Болашақ мектептен басталады,''-деді Нұрсұлтан Назарбаев.-төл сөз;

Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың мектептен басталатынын айтты.-төлеу сөз;

2. Бауыржан: ''Азамат, Айбек қайда кетті?''-деп сұрады.-төл сөз;

Бауыржан Азаматтан Айбектің қайда кеткендігін сұрады.-төлеу сөз;

3. Төле би: ''Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр,''-деп ақыл айтты.-төл сөз;

Төле би қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыру керегін айтты.-төлеусөз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi