Сызықшаның қойылу себептерін тап Сәйкестендіру саны: 4 Бастауыш есім сөзі болып, баяндауыш тұйық етістік болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Біздің алдымыздағы ең жауапты міндет - қысқы сессияны ойдағыдай әзірлікпен қарсы алу. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есім болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бес жердегі бес - жиырма бес. Бастауышы тұйық етістік болып, баяндауышы зат есімдерден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Егістік жерге қар тоқтату - мол өнім алудың басты шарттарының бірі. Бастауыш сілтеу есімдігінен я жіктеу есімдігінің III жағынан болып, өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, баяндауышы қай сөз табынан жасалса да, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Қазір бұл - Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал.