«Сырдария өзені такырыбында шағын мәтін қират и аз. Мәтінде сан есімдерді қолдан.


«Сырдария өзені такырыбында шағын мәтін қират и аз. Мәтінде сан есімдерді қолдан.

26Violetta26 26Violetta26    1   22.12.2020 08:43    0

Ответы
Адема12345 Адема12345  21.01.2021 08:55

Сырдария – Орта Азияның ең ұзын өзендерінің бірі, ол Ферғана алқабының шығыс бөлігіндегі Нарын мен Қарадарияның қосылысуынан пайда болады.     Оның ұзындығы – 2212 км (Нарын өзенін қосқанда 3019 км), ал жалпы ауданы – 219000 км². Өзеннің ағысы Қырғызстан елінің таулы аймақтарында қалыптасып, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы Арал теңізіне құйылады. Жағасында, Қызылорда, Шардара, Байқоңыр және Худжанд қалалары орналасқан. Өзен тар болғандықтан, кеме жүргізу үшін жарамсыз. Бірақ, суару арналарының көп болуы, Ферғана алқабында қауын мен мақтаны үлкен мөлшерде өсіруге әсер етті. Алайда, ХХ ғасырдағы адамның ақылсыз әрекеті, аймақтың экологиялық жүйесіне жағымсыз салдар әкелді. Шаруашылық қажеттіліктер үшін кеңінен қолданылуына байланысты, судың көлемі 1960 жылмен салыстырғанда, 10 есе азайды. Кеңес үкіметі кезінде, бұл өзеннен жылына 300 тонна балық ауланатын. Қазіргі уақытта, балықтың түрі де, саны да күрт азайған. Сырдария бойында, өткен ғасырдың ортасында Шардара су қоймасы құрылды. Ол егістіктерді суару мақсатында пайдаланылады. Ал, 2011 жылы көктемгі су тасқынын тоқтату мақсатында, Көксарай су қоймасы салынды. Оның ұзындығы 45 км, жалпы көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды. Сырдария жағалауында: қабандар, үйректер, қырғауылдар, қаздар және сирек жағдайда жолбарыстар кездеседі. Суында: құбылмалы бақтақ, қызылқанат, айнакөз, сүйрікқанат, қара амур және т.б. балық түрлері тіршілік етеді. Адамдар көне заманнан бері Сырдарияның бойында қоныстанған. Оның ежелгі атауы – «Яқсарт». Мұнда, Ұлы Жібек жолының керуендері өтіп, солтүстікке қарай бет алған.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi