Сынып жұмысы Ә.Тәжібаев - ақын, драматург 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар! Әбділда Тәжібаев - ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепті бітірген. Әбділда Тәжібаев Сырдария өзенінің бойында туған. Сырдария- Орталық Азиядағы ірі өзендерінің бірі. Сырдария Арал теңізіне құяды. 2- тапсырма. Мәтін бойынша екі сұраулы сөйлем құрастырыңдар! 3- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер, жауаптарыңды дәптерлеріңе жазыңдар! 1. Қазақтың қандай ақындары мен жазушыларын білесіңдер? 2. Қандай шығармаларын оқыдың? 3. Қазір қандай кітап оқып жатырсың?