Сынып 7 Пән

Күні Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазанның жиырма үші

Сабақ тақырыбы

«Әлем климатының өзгеруі» - 1-ші сабақ

Мәтінмен танысу

Климаттың өзгерулері- түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді. Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.

Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:

• Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.

• Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,

• Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.

• Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.

• Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.

• Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.

1-тапсырма Асты сызылған сөздерге түсініктеме жасау. Написать перевод, определение подчеркнутым словам

2-тапсырма Мәтінге сүйене отырып 3-4 сұрақ құру. Составь по тексту 3-4 вопроса.

Үй тапсырмасы Берілген сөйлемдерді толықтыру. Дополни предложения словами в скобках

1. География сабағында белдеулерге байланысты толтырдық. / климаттық, кесте/

2. Биыл жаһандық жылынуға қатысты ғаламторда ақпарат /көрсетілген, белгіленген/.

3. Альтернативті энергия көздерін пайдалануды /жоспарлауда, қарастырылған/

4. Денсаулықты құртқанша табиғи ресурсты қолдануды айқын көрсеткен. /диаграммада, мәтінде/

пожайлуста по уроку.
Только без обмана!!

05Дарья50 05Дарья50    1   23.10.2020 14:13    17

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi