Сыни хабарламадан алынған үзінді қай шумақтағы әлеуметтік мәселеге қатысты екенін анықта. Автордың Ақ Жайықтың бойындағы кең жайлаудағы өз ордасына еркін кіріп-шығатын бейбіт заманды аңсауы халықтың да шынайы тілегі екені белгілі.
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда.