Сын есім заттың сынын,сапасын,түр-түсін білдіреді. Қандай?Қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің сөйлемде атқаратын қызметі:

1.анықтауыш қызметін

2.бастауыш қызметін. Бастауыш зат есім орынына жүріп зат есім қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септікте тұрып кім? Не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады?Жақсы- ісімен жақсы.

3.Толықтауыш сын есім табыс,барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп заттанып толықтауышта болады:білімдіден үйрен.

4.Пысықтауыш сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып қимыл,іс-әрекеттің сынын білдіріп қалай? Сұраққа жауап береді:Аяулым бұл сөзді жақсы түсінді

5.Баяндауыш сын есім жіктік тұлғада тұрып,сөйлемнің соңында баяндауышта болады:Ол мұны көрмегені жақсы.

Сын есім тұлғасына қарай:

1.Негізгі-түбір сын есім

2.Туынды-жұрнақ арқылы жасалған сын есім

3.Дара-бір ғана сын есімнен сындық белгіні білдіреді

4.Күрделі-тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі

Синтаксистік талдау: Өнерлі бала болашағына сенеді.

Сенеді-не істейді? Баяндауыш (сказуемое)

Бала-кім? Бастауыш (подлежащее)

Өнерлі –Қандай?Анықтауыш (определение)

Болашағына-неге?Толықтауыш(дополнение)

Ойын: «Мен қандаймын»

Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады, дәптерлеріне жазады.

2407arinka 2407arinka    3   19.10.2020 04:58    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi