Суреттерде не бейнеленген? Тірек сөздерді пайдаланып, «Қазақстан сауда байланысы» деген тақырыпта шағын мәтін жаз. Тірек сөздер: әріптес, талаптар, екіжақты, сауда қатынасы, көмек.

Vikusyadubenko Vikusyadubenko    1   15.01.2021 13:07    1

Ответы
Annakitte0 Annakitte0  15.01.2021 13:10

Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.

Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.

Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.

Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.

1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.

Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пүт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.

Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазақтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді.[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
tanya101nfjgh0 tanya101nfjgh0  15.01.2021 13:10

қандай сурет?

Объяснение:

Қазақстан елі көптеген елдермен әріптес. Біз оларға,олар бізге көмектеседі. Яғни екіжақты жұмыс. Әріптес болу үшін де талаптар қойылады. Мысалы: Жер көлемі үлкен болу керек;жер асты байлығы мол болу керек;тауарлары сапалы болу тиіс және т.б. Көбіне екі ел әріптес болған жағдайда сауда қатынасы көп болады. Мысалы Ресей бізге завод салуға арналған темір,тас,цемент сияқты заттарын алып берсе ,біз оларға заводтан шыққан өнімнің бір бөлшегін береміз.

Басқа елмен әріптес болу елдің дамуына әсер етеді .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi