Суреттер бойынша «жаз мезгіліндегі жайлаудағы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз. тірек сөздер: жайлауға көшу, киіз үй тігу, өзенге шомылу, аққулар, мол дастарқан, самаурын қайнату, әңгіме-дүкен құру, қой бағу, атқа міну

alanasia2004 alanasia2004    1   29.03.2019 19:47    9

Ответы
Тина551 Тина551  27.05.2020 14:23

Менің атам -жылқышы. Әжем екеуі күн жылыса жайлауға көшеді. Жайлауға көшіп келудің өзі бір үлкен мереке. Киіз үй тігуге жайлаудағылардың бәрі кеп көмектеседі. Көршілер мал сойып, аналарымыз самауыр қайнатып,мол дастарқан басында саумал қымызды сапырып, сусындарын қандырып отырып, әңгіме-дүкен құрады. Кең жайлауды еркін жайлағанға жылқылар да кісінесіп қуанғандай. Жазғы демалыста мен де азын-аулақ қой бағып,атама қолқабыс беремін. Әіресе атқа мінгенді ұнатамын.Жақын маңда күркіреп өзен ағып жатыр.Таудан басталып ағатын бұл өзеннің суы мұздай болады. Жайлаудың табиғаты тамаша. Көлде аққулар қалқып жүзіп жүреді. Балалар жиналып асық ойнаймыз,кейде гүл теруге шығамыз. Кешке киіз үйдің ішінде ұйықтағанға не жетсін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi