Негізі суға жүзуді бала күннен үйренген абзал. Алайда, бала күніңізде қызығушылығыңыз бен мүмкіндігіңіз болмаса, әлі де кеш емес.
Қарапайым жүзудің 4 тәсілі бар. Олар: арқадағы кроль, кеудедегі кроль, брасс, батерфляй. Жүзу тәсілі әркімнің ыңғайына қарай таңдалады. Брасс және арқамен жүзу кең қолданысқа енген және оны үйрену оңай.
Суда жүзуді үйренбес бұрын ыңғайлы орын таңдап алыңыз. Бастаушыларға арнайы бассейн немесе ағысы қатты емес өзен, көлде жаттыққан дұрыс.
Суда жүзуді үйренгенде мына ақыл-кеңестерді назарда ұстаңыз:
Суға түспес бұрын психологиялық дайындық жүргізіп алыңыз. Бұрын судан шошынып немесе тұншығып қалған болсаңыз, төтенше жағдайды естен шығарып, өз-өзіңізді дайындаңыз;
Салқын суға шомылатын болсаңы бұлшық етті суға үйретіп алыңыз. Ол үшін салқын душ қабылдап алуға болады;
Бірнеше рет отырып тұрып, аяқ-қолға жеңіл жаттығу жасаңыз. 3 минуттай бір орныңызда жүгіргендей қимыл жасаңыз.
Су ішінде аяқ-қолды қимылдатып, суды шалпылдатыңыз;
Терең дем алып, демді су ішінде шығарыңыз;
Алғашында жүзуге арналған тақтайшаларды пайдаланыңыз;
Аптасына үш рет суға шомылу жүзуді тезз меңгеруге көмектеседі;
Жүзуді үйренуге кемінде 2-3 ай уақыт қажет екенін естен шығармаңыз;
Жүзуді кәсіби мамандар мен нұсқаушылардан үйренгеніңіз абзал;
Жүзуді жақсы меңгеріп алмай тұрып тереңге баруға ұмтылмаңыз.