Столп насекомого просить моши моши . Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай?
А) ескілікті көксеу
В) саясатты сынға алу
С) жаңашылдыққа ұмтылыс
Д) заман ағымына ілесуге шақыру
2. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?
Боз жапалақ сен едің,
Қияқты сұңқар мен едім,
Тырнағыма ілінсең,
Қалмайды желкең қиылмай!
А) Жамбыл
В) Қатаған
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
3. Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған?
А) 1917ж. Қазан төңкерісі
В) 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс
С) 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы
Д) Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы
4. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан?
А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде
В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында
С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
Д) 1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында
5. Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз(3-4 сөйлем).
6.Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
7.Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем).
8. Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөздесиқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай ұғындырар едіңіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.