Стиль текста жанр текста особенности жанра текста: Кездескен адамдардың ішінде менің сәбилік есімде апам да, жездем
де, басқалар да сақталмаған. Тек қана елесі сақталған жалғыз адам
саятшы Ораз. Ол орта бойлы, кең жауырынды, кеуделі, ұзындығы
кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, дөңес мұрынды, дөңгелек қара
көзді, ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, бетінде әжімі жоқ кісі болатын.
Ораз бен біздің үй сайдың күнгей жағындағы қалың ағаштың
қойнауында, өзге үйлерден оғаштау отырды. Біздің үйде ол жылы
мал атаулыдан жалғыз-ақ сиыр болыпты. Оразда бір ат, бір сиырдан
басқа мал жоқ. Сондықтан оның да, біздің де шымнан салынған үйіміз
бен қамыспен қоршалған қорамыз шап-шағын, кіп-кішкене еді.
Ораз, ең алдымен, мылтықшы және жалғыз оқты шитімен ғана
атады екен. Беріректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі
шитімен атып түсіргенін өзім де көзіммен көрдім. Ес біліп, қасына
ерген кезімізде Ораздың атқан оғы тимеген кезді көрген емеспін.
Өзгелер де «Ораздың қолы өмірде мүлт кеткен емес» деседі. Оның
мергендігі елдің есінде ерекше сақталған...
С. Мұқанов. «Саятшы Ораз»