Доспен әр кез көңілді, Жақсы достар сатпайды. Адал болсаң достарға, Сонда досың қаптайды. Мұңайсаң да қасыңда, Қуансаң да қасыңда. Жақсы достан ешқашан, Сырларыңды жасырма. Керек затты береді, Айтқан сөзге көнеді. Жығылып қалсаң байқамай, Барлық жасын төгеді. Доспен бірге ойнайсың, Доспен ойнап тоймайсың. Өзіңнің жақын досыңнан, Артық досты таппайсың. Артық ойды ойласаң, Адал досты таппасаң. Үмітіңді үзбей жүр, Мұңайсаңда күліп жүр.