Стихотворение на казахском языке про лето

anastasia8879 anastasia8879    1   07.06.2019 03:20    1

Ответы
shamalava210505 shamalava210505  06.07.2020 23:56
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай-саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем-тапырық жердің беті іріңдеп. Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің Жылы желі бетті сүйген тәуір күн. Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап, Тұс-тұсынан шығып жатыр ауылдың. Аунап-қунап ауасына сағынған, Ызғар, суық ақ кебіннен арылған, Ойдым-ойдым қара жерге көз ойнап, Бәрі бірдей басын қойып жабылған. Шаруалар да қуанышты күлімдеп Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп, Балалар да лек-лек болып доп қуған, Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп. Мал да, адам да не бар жандық мәз болды, Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді. Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін Алақай, алақай-ау, жаз келді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
ksenia915 ksenia915  06.07.2020 23:56
Жаз

Фариза Оңғарсынова

Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер-ару серпігенде түн көрпесін,
маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Гүл бөлеп хош иіске атырабын,
ағаштар жайып салды жапырағын.
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -
өзенде мың бұралып жатыр ағын.
Төсінен терсек тағы қызғалдақты,
басында заңғар таудың ызғар қапты.
Шыдамай жаздың жастық жалынына,
ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.
Сұлулар суға барған сайға бұғып,
қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа
бересің жан біткенге жайдарылық!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi