Алматы Бұл қаланың есімі алты-ақ әріп, Алты әріпке қандай мін бар тағарлық. Шапсам әлі көшеңді дүбірлетер, Құла тайы шабыттың қалса да арып. Кірбең тартып тұрса да таң қабағы, Сүймейтіндер бар ма осы нән қаланы. Күні бойы жанымды қайғы мүжіп, Түні бойы шайтанның арбады әні.
Бұл қаланың есімі алты-ақ әріп,
Алты әріпке қандай мін бар тағарлық.
Шапсам әлі көшеңді дүбірлетер,
Құла тайы шабыттың қалса да арып.
Кірбең тартып тұрса да таң қабағы,
Сүймейтіндер бар ма осы нән қаланы.
Күні бойы жанымды қайғы мүжіп,
Түні бойы шайтанның арбады әні.
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..