Үстеулерді теріп жазып, сұрақ қойыңыз, түрлеріне ажыратыңыз. Майра қазір банкке барады. Гүлнұр экономика саласын жақсы біледі. Әсия үш тілде еркін сөйлейді. Асхат амалсыздан келді. Осы қалаға келгеніме көп болды. Біз несиені біраз кешіктіріп төледік. Сіз босқа келдіңіз. Сайра анасын өте жақсы көреді. Ол ұзақ мерзімді келісімшарт туралы бекер айтты. Біз жоғары көтерілдік. Залға адамдар соншама көп жиналды. Мен банкке несиені алуға әдейі келдім.