Үстеуге байланысты тест тапсырмалары 1. Үстеу дегеніміз не?

А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.

С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.

Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.

2. Күшейткіш үстеу қандай сұраққа жауап береді?.

А) Кім?. В) Қанша?. С)Қалай?. Д) Қайда?. Е)Не себепті?

3 Туынды үстеуді көрсетіңіз.

А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім.

4. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.

А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.

Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен.

5. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.

А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай?

6. Мекен үстеуді көрсетіңіз.

А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген.

Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды.

7. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?

А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі

Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі

AlinaSh25 AlinaSh25    2   15.01.2021 10:20    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi