Үстеуі бар жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және сөйлем құрап берініздерші. әр сөйлемде 8 сөз болсын

yhenik2015 yhenik2015    1   19.07.2019 11:30    1

Ответы
Baka1111 Baka1111  07.08.2020 10:05

Жұмбақтар:

1) Айуан екі аяқты, асқан батыр,

 Басына о батырдың тіккен шатыр. 

Шешерсің дана болсаң бұны біліп, 

Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда, 

Бір айла адамзатта болып жатыр. (Бүркіт)


2) Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,

Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.

Бастары бірікпесе кетер әлі,

Ырқына бір-бірінің ұнамаса.

Тастайды тау қпарып, көл қотарып,

Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)


3) Бір итім бар үрмейді,

Ары-бері жүрмейді.

Тамақ берсең жемейді,

Су ішуді білмейді.

Ол тұрғанда еш адам,

Үй ішіне кірмейді. (Құлып)


Жаңылтпаштар:

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?


Класта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.


Талғат балға тап,

Оншақты жаңғақ шақ,

Шақсаң, сақ шақ.


Дөң жатыр,  

Дөнде тон-тоң көн, жатыр


Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.


Мақал мәтелдер:

1.Еріншектің ертеңі бітпес.


2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.


3. Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.


4. Көш жүре түзеледі.


5. Қайтып келер есікті қатты жаппа.


6. Еріншекке бүгіннен ертең оңай.


7.Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.


Сөйлемдер:

Біз күткен поезд біраз мезгілінен кешігіп, түн ортасы ауа келді.


Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну

мүмкін емес.


Қарлығаш мәтінді жылдам оқып шықты.


Айжан сабаққа ерте келді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi