Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға
ауыстыру отбасы бюджетін үнемдейді. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті
қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, шамдарды
ауыстырғандағы үнемді бағалайды. Ол үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан
100 Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда
қыздыру шамы ай сайын 9 кВт электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының
орнына 20 ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну
айына 1,8 кВт құрайды. Сонымен бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға
ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды
ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір
жылғы үнем 864 кВт* құрайды.
Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ
мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия
үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарын 1 жыл ғана қолдана аласыз.
1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпараттар
1.
2.
2. Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтаңыз.
Жанама ақпараттар
1.
2.