Спортшы болғыңыз келеді ме? неліктен? диалог и эссе​

1941108 1941108    3   12.03.2019 18:10    5

Ответы
gurgurov68 gurgurov68  25.05.2020 02:08

"Спортшы болғыңыз келеді ме?Неліктен?" тақырыбында диалог.

- Сәлем,Самат? Қалың қалай?

- Сәлем,Әсел.Жақсымын,сен ше?

- Мен де бәрі жақсы.Мектепке дейін жолды қысқарту үшін әңгіме айтып барайықшы.

- Жарайды.

- Айтшы,Самат.Осы сен өскенде кім болғың келеді?Немен айналысатының жайлы ойланып көрдің бе?

- Әрине,көп ойландым.Мен болашақта спортшы боламын деп шештім.

- Неліктен спортшы болғың келеді?

- Біздің ата-бабаларымыз асқан батыр да батыл,күшті де көсем болған.Мен де сол балуан ата,ағалармыздың жолын қуғым келеді.Бұл мамандықты таңдауымның себебі жай ғана салауатты өмір салтын ұстану емес.Мен елімнің атын шығаратын спортшы болсам деймін.Ал сен ше?

- Мәссаған,керемет! Ал мен тігінші болғым келеді.Қазақы нақышта киім-кешектер шығаратын боламын.

- Онда сен маған жарыстарға киетін шапан тігіп бересің ғой,ия?

- Әрине,Саамат.

- Керемет.Онда екеуміз де арманымызға жету үшін еңбектенейік.

- Ия,мақсатымызға қалай да жетуіміз керек.Мектепке де жетті.Кездескенше!

- Кездескенше,Әсел!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi