Спереводом. 50 . ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? ! па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді? ! шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. ол - ана! қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырмысым бауырына жармасатының, шырылдап уанбай жылап іздейтінің — ана! сен жан болып дүниеге келдің, сенің іздейтінің бір-ақ жан. ол — ана! ол саған бәрінен қымбат. сен үшін ол жалпақ дүниеде үлкен. сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. ол -ана! міне, сенің анаға деген махаббатың құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. ананың жолы басқа. ана деген сөздің өзі де ыстық. ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.