создать письмо маме по-казахски

БеллаСAT БеллаСAT    3   22.09.2021 02:29    0

Ответы
Alusa666 Alusa666  22.09.2021 06:00

Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді , қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз. Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә. Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам..

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi