СОТАВИТЬ ПЛАН ВАС Берілген мәтіннің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Составьте план содержания данного текста, основываясь на нем.
Бүгін мектепте «Фастфудтар» деген тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағатына оқушылар, гастроэнтеролог-дәрігерлер қатысты.
Дәрігерлер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам туралы айтты. Гамбургер, хот-дог, майға қуырылған картоп, газдалған сусындардың зиян екенін ескертті. Олар: «Дайындаушылар фастфуд тағамдарының сапасына қарамайды. Сондықтан фастфуд тағамдары тез бұзылып, көп ауруға себеп болады. Балалар фастфуд тағамдарын жақсы көреді. Ол денсаулыққа зиян. Сендер дұрыс тамақтана біліңдер», - деді.
Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қаназдық ауруы көп кездеседі. Ал асқазан ауруы бірінші орында тұр. Фастфуд тағамдары артық салмақ қосады.