Сотқар мысық тақырыбына әңгіме құрау? тірек сөздер: мысық, кірпі,көзі шалып қалды ,қасына тақады,қозғалта алмады, арқасынан салып қалды, қан саулады, әзер жетті.

azalia2003love azalia2003love    1   16.04.2019 15:33    723

Ответы
FiveKh FiveKh  29.05.2020 15:53

Сотқар мысық.

 Күздің бір күнінде Арманның сары ала мысығы үйден шығып бақты аралап жүреді. Бір мезетте ағаш түбінде жүрген кірпіні көзіп шалып қалады. Мысық аңдап кірпінің қасына тақады. Бұны сезіп қалған кірпі дәл сол мезетте денесін жасырып, инелерін шығарып домаланып жатып алды. Мысық оны қозғалта алмады. Ақыр соңында кірпінің арқасынан тырнақтарымен салып қалып еді, қан саулай жөнелді. Мысық жан ұшыра мияулап үйге әзер жеткен еді. Ал кірпі болса мысықтан құтылғанына қуанып тіршілігін жалғастыра берді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi