В инете есть или иди в библиотеку ищи оттуда. Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы а ң мақсат, мұрат, мүдделері тоғысқанынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түсінген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік,іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сызат түспеу жағына баса көңіл бөлген.
Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы а ң мақсат, мұрат, мүдделері тоғысқанынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түсінген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік,іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сызат түспеу жағына баса көңіл бөлген.