Составьте со слово сочетаниями предложения: 1)қора-қора 2)бетпе-бет 3)кезек-кезек 4)ата-ана 5)жап-жақсы 6)әп-әдемі 7)сарт-сұрт 8)жылт-жылт 9)дос-жар

Покемончик12346 Покемончик12346    2   18.09.2019 10:20    3

Ответы
AndruxaS AndruxaS  07.10.2020 23:47
1. Ол қора-қора малы бар асқан дәулетті болмаса да, төрт түлігі сай, елге сыйлы адам еді. 
2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн.
3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен. 
4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер. 
5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты. 
6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді. 
7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді. 
8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады.
9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Ditroid Ditroid  07.10.2020 23:47
Шопан қора-қора қойымен өрістен қайтып келеді.
Екеуі бетпе-бет келгенде ашылып сөйлесе алмады.
Кезек-кезек келген қонақтарды қарсы алдық.
Ата-ана берген тәрбиенің маңызы зор.
Ағылшын тілінде жап-жақсы сөйлейді екен.
Әп-әдемі салынған сурет бәріне ұнады.
Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып кетті.
Қар жерде жылт-жылт етеді.
Оны дос-жарандары үнемі қолдап жүреді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi