Составьте план текста
Медеу дегенде көз алдымызға күнге шағылыса жалтылдаған қарлы шыңдар, аспанмен таласқан Тянь- Шань шыршалары, таудың қоңыр салқыны, жұпар иіс пен тап- таза ауа елестейді. Дүниежүзіндегі ең ірі кешені Алматы қаласынан 18 шақырым жерде, яғни, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдаланыла бастады."Медеу" кешенінің айналасын 21 мың гектар болатын орман - тоғай қоршап жатыр. Онда қайың, көктерек, қарағай мен шырша, долана ағаштар өседі. Алматыны селден қорғап тұратын бөгеттер, Терренкур және сегіз жүзден астам сатысы бар баспалдақ "Медеудің" атын одан әрмен асқақтатып тұр десе де болады.