Составте диалог на казахском языке про природу . заранее .

mybrainishere11 mybrainishere11    1   02.06.2019 18:20    4

Ответы
liza0234 liza0234  03.07.2020 12:05

Табиғат туралы диалог.

– Сәлем,Зарина!

– Сәлем,Әлия!

– Көріспегелі көп болды.Қалайсың өзі?

– Жақсы,өзің ше?

– Менде де бәрі жақсы.Мынау қолыңдағы не зат?

– Термос қой.Дүкеннен пластиктегі сусындарды алғанша,осылай термоспен жүрген артық.Пластик табиғатқа едәуір зиян әкеледі ғой.

– Ия,үлкен зиян.Мен де ғаламтор желісінен бірнеше деректі фильмдерді көріп пластикті тастадым.Азық-түлікке шыққанда қайта-қайта пластик қаптарды ала бергенше матадан тігілген қап сатып алдым.Ыңғайлы әрі әдемі.

– Шынымен де,дұрыс істегенсің."Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ" дегенге келеді ғой.

– Ия.Бұрын аса мән бермейтін едім.Жақында ғана біздің тастаған қалдығымыздан қаншама тіршілік иелері зардап шегетінін көріп,қорықтым.Бұдан былай барынша сақ болуға, табиғатты аялауға бекіндім.

– Жарайсың,Зарина!Ертең орталық алаңда сенбілік болады екен.Соған қатысасың ба?

– Әрине,маған хабарласып жібер.Сау бол!

– Сау бол!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi