Составьте 4 вопроса по тексту можно быстрее!
Жазык дала тек көкжиекпен шеңбер тәрiздi шектелген . Сон дыктан кошпенділердін турагы да дөңгелек . Орталық Азиядағы күмбездiк архитектуранып бiр бастауы - көшпенділердің киіз үйі . Қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған . Ағаштан түйін туйген » , « Он саусагынан онер тамган шебер усталар , токымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдык мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған . Халық өнері , әсіресе , киiз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты . Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді : « Бұл бір ғажайып көрініс : олар көш кезiнде мерекедегідей жасана киінеді . Ең әдемі киімдерді , әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады . Ауыл ақсақалы көш бастаса , ер - тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жауып , зайыбы атқа мініп , оның соңынан ереді ... Атты , атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық , ең алдымен , көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі . Ер - тұрман олар үшін байлыктын белгісіндей болып безендірілуге тиіс . Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейдi , тiптi қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады . Жүген , өмілдірік , құйысқан — бәрі де шебер өріліп , шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі .