Составить реферат на тему: қостанай

A11002030999 A11002030999    3   19.07.2019 01:20    2

Ответы
Djeka11 Djeka11  19.08.2020 13:16
Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында тұрғызылған. Қаланы қалаушылар орыс және қоныс аударып келген украин шаруалары болды. Алғашқыда Қостанай тіршілігіндегі негізгі рөлді сауда және ауыл шаруашылығы атқарды, мұнда көптеген жәрмеңкелер, іскер қатынастар жүргізілген, сауда-саттық айырбас жүзеге асырылған. Осының барлығының соңында жергілікті сауда қоғамдастығы аз уақыт аралығында қаладағы негізгі саяси күштердің біріне айналды. Жергілікті көпестердің күштері мен тырысуларының арқасында қаланың алғашқы жиырма-отыз жылында –ақ қазіргі уақытта Қостанайдың көне бөлігінің аты шыққан тамаша қайталанбас сәулеттік келбеті пайда болды. Көпес үйлері, олардың қатарында Яушев ағайындыларының Пассажы, Воронов, Воищев, Сенокосов және Лоренц сынды көпестердің үйлері бүгінгі таңда қаланың басты назар аударарлық орындары болып табылады, және бұл ғимараттарда, негізінен, мәдениет саласына жататын мекемелер – мұражайлар, кітапханалар және театрлар орналасқан. Көпшілік Қостанайдың сәулетін өзіне мәскеулік және сібір дәстүрлерін сіңіре отырып, орындалған ерекше өзіне тән стилі бар деп есептейді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi