Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.