Составить план по тексту етпенін иығына салып , арықты жағалай жүріп кеше ғана дәнін сеуіп , тырмалап кеткен атыздарға көз жүгіртті . Тарылықтың қанша гектар екенін де Қияс білмейді . Әйтеуір Айбол шалдың қолдан жасаған өлшегіш таяғымен әрі - бері өлшеп келіп , « алты гектар » дегені есінде . Дәл осындай көлемдегі жерге бұлар жыл сайын тары егіп , колхозға жинап беруші еді . Бірақ ол кезде Қиястың жанында әкесі болатын . Енді , міне , әкесі майданға кетті . Шешесі ауру . Бала осыны ойлағанда іштей күрсініп те алды . « Алдымен құлақ арықтың шығыс бетіндегі атыздарды суарамын » деп Ойлады ол . Сонан соң суды батыс , ылди беттегі атыздарға жыға салу оңай » . Көтерменің бір жағын орып , сарылдап далаға кетіп жатқан суды көргенде баланың көзі шарасынан шығап , қорқыныштан тұла бойы қалтырап кетті . Не істерін де білмей сасқандықтан , бала судың құлап жатқан жеріне барып , талтайып тұра қалды . ... Құлаған жердің көлемі үш - төрт қадамдай . Дәл қазір осынша жерді бітемек түгілі , бала судың ағысына да қалт - құлт етіп әзер шыдап тұр . ... Ызаланғаны соншалық , баланың көзінен бырт - бырт жас шықты . ... Қияс өкси жылаған күйі үстiнiң суы сүмектеп , орнынан тұрды . Біраз жерге ағыспен ілесіп кеткен кетпенін ұстады . Ол енді бойын кернеген ашу - ызадан бірте - бірте арыла бастады . Жылағанын да қойды . Қайта бойын бір қайсарлық сезім билеп алғандай . « Бұл жерді менің қалай да бітеуім керек » деп ойлады ол іштей ...
SORRY I'M FROM AMERICA ,NO KAZAKSHA
Объяснение:
прсто мне нужны