Составить диалог на тему казахстан республика рямыздеры на казахском языке

toktasynnazerke toktasynnazerke    2   30.06.2019 19:00    9

Ответы
Глеб0707 Глеб0707  02.10.2020 16:28

- Эх,ертеңгі сабақта талқылайтын тақырыбымыз маған онша ұнамайды.

- Неге,Жандос?Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері деген керек тақырып қой.Мен керісінше олар туралы тағы мол мәлімет алғым келеді.

- Олар елге не үшін керек?География,тарихта да сол бір рәміздерін біліп жүруіміз керек деп ағай қоймайды ғой.

- Сен олай ойлама.Мемлекеттік рәміздер - сол елдің қазыналары,тәуелсіздігінің айғағы.Рәміздерсіз елді елестету мүмкін емес.Олар сол елдің тарихынан,әл-ауқатынан,тұрмысынан мәлімет береді.

- Маған түсіндіріп көрші.

- Жарайды.Мысалы,біздің байрағымыз көк түсті.Көк түс - ол бейбітшілікті,кең байтақ аспанды білдіреді.Ал ортасындағы алтын күн - дамудың белгісі болса,қыран құс - айбындылық белгісі.

- Ал алтын түсті кестелі ою ше?

- Бұл - қазақ халқының қошқар мүйіз оюы.Ол біздің халқымыздың өз бейнесі десем де болады.Ал елтаңбамызда бейнеленген шаңырақ - мемлекеттің түпнегізі - отбасының бейнесі болса,қанатты тұлпарлар - қажымас қайраттың,талпыныстың бедері.Жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз - бізге бағыт-бағдар берер жол нұсқаушы.Сен мемлекеттік әнұранның авторларын білесің бе?

- Ия,оны білемін ғой.Сөзін жазған Ж.Нәжімеденов және Н.Назарбаев.Ал әнін Ш.Қалдаяқов жазды емес пе?

- Дұрыс айтасың.Ертеңгі сабақ енді саған қызықты болды ма?

- Ия,мен рәміздеріміздің маңыздылығын түсінгендей болдым.Рахмет,Әли!

- Оқасы жоқ!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi