Составить 5 вопросов(желательно 10) по тексту на казахском Ертегінің тәрбиелік мәні

А қ шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр.Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынын сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдарда, және әйелдер бейнесі де бар.Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу.Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.«Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді» деп Жүсіппек Аймауытов айтқандай ертегілердің де балалардың да қиялын дамытуда, сөздік қорларын, ұлттық дүниетанымдарын, көзқарастарын байытуда әсері мол.Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді. Қазіргі елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. .Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.

krivonogikhlyuba krivonogikhlyuba    1   02.02.2021 10:06    0

Ответы
дженни5 дженни5  02.02.2021 10:10

А шах ғы и в этом году у нас не было ни одной работы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi