Составить 10 предложений на казахском языке на тему "мой город павлодар"

nightmarelucy nightmarelucy    1   31.05.2019 20:50    3

Ответы
aksiniaplotniko aksiniaplotniko  02.07.2020 07:49

Менің туған қалам - Павлодар

Павлодар қаласы - менің туған қалам, кіші Отаным. Павлодар қаласы Павлодар облысының орталығы. Қала  Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Павлодардың іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған. Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі.Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.

Мен өз қаламды жақсы көремін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi