Сор по казахскомму которые у меня есть Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер менжемісжидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықты ң сұранысы да артуы әбден мүмкін.

1. Мәтін бойынша «5 1 1» әдісін жазыңыз. /
2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз. /
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.

3. Мәтін бойынша мына сөздерді мағыналық жағынан дұрыс сөйкестендіріңіз. /
1. Күнделікті өмірде нан
А. 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.

2. Америкалық Microzap компаниясы
Ә. нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен

3. Жаңа әдіс
Б. өте пайдалы.

4. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін
В. тез арада көгеріп кететіні белгілі.

4. Төмендегі есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырыңыз.
8,16,25, 15-16.
5. Жазылым: «Болашақ кілті - ғылымда» тақырыбына эссе жазыңыз.
Талаптары:
Нақты айқындалған кіріспе, негізгі мен қорытынды бөлімнің болуы;
Тақырыптан ауытқамау;
Өзіндік тың пікірлер келтіру; (Менің ойымша .. , себебі..., осыған байланысты... ).​

ABBADON369 ABBADON369    3   16.10.2020 15:25    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi