сор, казахскому языку

1 Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар

– Мына жол сіздің ауылға, мына жол біздің ауылға апарады, - деді Санжар қалжыңдап.

– Біз бүгін егін алқаптарының жайы туралы сөйлесеміз, - деді ауыл әкімі.

–Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп.

–Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін .

2-тапсырма

Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар

Асан әкесінің көп жылдардан бері Жарасбайдың жылқысын бағатынын айтты.

Хакім қазір өзінің мына жақта шаруасы болып, соған баруға асығып отырғанын салмақты түрмен айтты.

Марлан қонақтарына орын ұсынып, Мұратқа кешегі үндеудің қалғаны болса, тез көбейтіп жіберуді тапсырды.

3 тапсырма
Мәтіндегі негізгі ойға қатысты тірек сөздерді анықтап, олармен төл сөз бен автор сөзі түрінде сөйлемдер құрастырыңдар.
Аспан сүті

Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен. Қазақтар, қырғыздар, түрікмендер бұл жолақты Құс жолы деп атайды. Құс жолы – әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» – «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүт жолы» немесе «Құс жолы» ретінде әйгілі.

(«Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)

Даріна11111111 Даріна11111111    3   05.05.2020 16:50    57

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi