СОР Бидай – астық тұқымдасына жататын дәнді дақыл. Қазақстанда бидайдың 6 түрі бар. Олар: Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай.Бидайдың жабайы түрлері сирек кездеседі.Биіктігі 40-130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді өсімдік.Бидай бір жылдық өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған.
Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады.
Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар, сұрақтарға жауап беріңдер.
• Біздің елімізде бидайдың қанша түрі бар?
• Бидай ең алғаш қай жақта өсіріле бастады?
• Бидайдан қандай тағамдар жасалады?
• Қазақстанда бидай қай өңірлерде өсіріледі?