Сор Абайдың әкесі — Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы — Ұлжан сабырлы, тапқыр адам болған. Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи бастаған. Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты өз бетімен кітап оқуға жұмсаған
1-тапсырма. Жақша ішіндегі тиісті сөздерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлем құра. 1. Абайдың әкесі — Құнанбай (тамақ, білім, ат) бағалаған. 2. Анасы — Ұлжан (ұрысқақ, тапқыр, сабырсыз) адам болған. 3. Ол (мешіт, мектеп, медресе-ДЕ ) үш жыл оқиды. 4. Ол мұсылманша (оқу, жазу, айту) шектелмей, орысша да оқи бастаған.
2-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
— ?
— Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. ?
— Абай он жасында Семей қаласына оқуға келген.
— ?
— Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. ?
— Ол өте ұғымтал бала болған.
— ?
— Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың
шығармаларымен танысқан.
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Көгорай шалғын мен бәйшешек қай уақытта ұзарып өседі?
2. Ауыл қай кезде өзеннің жағасына көшіп келеді?
3. Қандай жылқының жоны қылтылдайды?
4. Құлын-тай қай жерде шауып жүреді?
быстро только
ответ:1-тапсырма
1. Абайдың әкесі —Құнанбай білім бағалаған.2. Анасы —Ұлжан тапқыр
адам болған. 3.Ол медреседе үш жыл оқиды. 4. Ол мұсылманша оқумен
шектелмей, орысша да оқи бастаған.
2-тапсырма
-Абай өлеңді қанша жасынан бастап шығарған?
-Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған.
-Абай қанша жасында Семей қаласына оқуға келген?
-Абай он жасында Семей қаласына оқуға келген.
-Ол Ахмет Риза медресесінде қанша жыл оқиды?
-Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды.
-Ол қандай бала болған?
-Ол өте ұғымтал бала болған.
-Абай медреседе қандай ақындардың шығармаларымен танысқан?
-Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың
шығармаларымен танысқан.
4-тапсырма
1.Жаздыгүні шілде болғанда
2.Жазда
3.Шұрқырап жатқан
4.Айнала шауып
Объяснение:Лайкнуте !