Керік (Giraffa camelopardalis) — ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейде дала керігі деп аталады.
Giraffidae — Арабша — бәрінен биік.
Керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерін мекендейді.
Керік денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей ,жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500 – 1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес , мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа , әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп, 12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3.
Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады.10-12 –ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде –тамызда күйекке түседі. Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады. Керіктер тұрған позиясында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 мерт, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді.
Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Қазіргі кезде керіктер негізінен , ұлттық саябақтарда кездеседі.